Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2021 жыл - «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды

2021 жыл - «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды

2021 жыл - «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияланды. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым. Өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Елімізді ілгері дамытып, әрбір азаматтың лайықты тұрмысын қамтамасыз етуіміз керек. Оны жүзеге асырудың басты жолы – тиімді басқару жүйесі деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

***

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Конвенциясының қабылданғанына 60 жыл толуына орай Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше мемлекет және үкімет басшыларының, ЕуроОдақ мен Коста-Рика басшыларының қатысуымен ұйымдастырылып жатқан онлайн форумында бейне үндеу жасады. Іс-шара бүгін де жалғасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды. Форумда әлемдік экономиканың жай-күйі, ұзақ мерзімді үрдістер және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының «жақсы өмір үшін жақсы саясат» ұстанымын қалыптастыруға қосқан нақты үлесі қорытындыланады.

***

Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бір топ белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдар мен төс белгілерді салтанатты жағдайда тапсырды. «Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар - бұл сіздердің елімізді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырудағы жасампаз еңбектеріңізге, білімдеріңізге, қажыр қайраттарыңызға және айрықша құлшыныстарыңызға берілген жоғары баға» - деді Қырымбек Көшербаев.

***

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жылдың басты премьерасы - ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» телехикаясын ұсынады. Тарихи телехикая «Qazaqstan» және «Абай» телеарналарынан 16-17 желтоқсанда сағат 20.00-де көрсетіледі.