Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қарағанды облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жалғасады.

Қарағанды облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жалғасады.

Жаңатастағы көпқабатты үйде болған өрт оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев хабарлады. Ал осы оқыс оқиғаға орай құрылған арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өртке қатысты әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасады.

*****

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, балалар кабинеттерінің, түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. Топтағы адам саны 15-тен аспауы керек. Сондай-ақ, толымдылығы 50 адамнан аспайтындай мәдени нысандар мен концерт залдарының (дайындық) қызметіне рұқсат берілді: театрларда, кинотеатрларда көрермендер залының толымдылығы 30% аспауы тиіс. Ал хайуанаттар бағында маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты қатаң ұстану қажет.

*****

Қарағанды облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жалғасады. Биыл кезекте тұрған 3 мыңнан астам адамды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарда бар.Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн форматта өткен халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.Халықты толғандыратын басты мәселелердің бірі – тұрғын үй және инфрақұрылым. Облыста 36 мыңнан астам азамат әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұр. Былтыр рекордтық 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. 6 500-ге жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты, – деген облыс әкімі әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру қарқыны бір жылда 40%-ға өскенін айтты. Ал биыл 20% өсіммен 660 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 3 мыңнан астам жанұяға, оның ішінде 600-ге жуық көп балалы отбасыға жалға берілетін және несиелік пәтер алуға мүмкіндік береді,-дейді Қарағанды облысының әкімі.

*****

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінен соң, жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады. Аймақ басшысына келген тұрғындар сан түрлі мәселелер көтерді. Түркістандықтар әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жол жүргізу бойынша өтініштерін айтып, көмек сұрады. Азаматтардың басым бөлігінің өтініші қабылдау барысында шешімін тауып, жауапты тұлғаларға жүктелді. Қалған арыздар бойынша заңдарға сәйкес, түсініктеме мен кеңес берілді. Барлық өтініштер облыс басшысының жеке бақылауында,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.