Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

Заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын айтты. «Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Көптеген азаматтарымыз өздерінің күнделікті ісімен айналысуға кірісіп, тіпті бұл инфекцияны ұмытып та кетті. Бірақ, елде инфекцияның таралуына, күн сайын ауруға шалдығудың 700-800 жағдайының тіркелуіне байланысты және жұқпалы ауру таралуының алдын алу үшін көптеген ел жаппай вакцинация жүргізіп жатыр. Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталды», - деді Ажар Ғиният. Сонымен қатар ол сәуір айында қазақстандық вакцина зерттеуінің үшінші фазасы аяқталуы керектігін айтты. « қазір клиникалық сынақтың үшінші сатысы өтіп жатыр. Сәуір айында клиникалық сынақтың үшіншіфазасы аяқталуы тиіс. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша қазақстандық вакцина елімізде қолжетімді болады», - деді ол.

*****

Алматы қалалық онкология орталығы Қазақстандағы онкологиялық диспансерлер арасында үздік деп танылды. Бұл туралы 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық аумақтарындағы онкоқызметтердің арасындағы онкологиялық аурулар жөніндегі үйлестіру кеңесінде айтылды. Белгілі болғандай өткен жылы 15 мыңнан астам КТ және МРТ тегін тексерісі, өз ретімен 900 молекулярлық-генетикалық тегін тексеріс, позитрондық-эмиссиялық томография жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша ауру құрылымы бойынша 1-орында - сүт безінің қатерлі ісігі (15,7%), 2-орында - терінің қатерлі ісігі (13%), үшінші орында – колоректальды қатерлі ісік. Былтыр Алматы қалалық онкологиялық орталығында 2,5 мың операция жасалды. Барлығы 14 546 пациент емделіп шыққан.

*****

Петропавлда болған жарылыстан зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда болған жарылыстан 16 адам зардап шегіп, ауруханаларға жеткізілді. Олардың біреуі – 24 жастағы жігіт қалалық көпбейінді ауруханада қайтыс болды. Қазір бұл емдеу мекемесінде 20 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы нашар. Бес адам амбулаторлық емделуге үйлеріне жіберілді. Ем алып жатқан тағы алтауының жағдайы орташа. Естеріңізде болса, жексенбі күні Петропавлдағы 5 қабатты үйдің бірінші қабатында алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, СҚО прокурор тергеу барысын өз бақылауына алды.

*****

Батыс Қазақстан облысында балықты тиісті құжатсыз тасымалдаған автокөлік жүргізушісі ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылы тұсында болды. Жол талғамайтын Lexus автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабына қарамастан, жылдамдығын күшейтіп, қашып кетпек болған. Кейін анықталғанындай, 28 жастағы жүргізуші 25 қапқа салынған қара балықты (сазан, қаракөз) тасымалдап келе жатқан. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылды.

*****

Алдағы тәулікте ел бойынша қар жауып, боран соғады. Қазгидромет ақпанның 23-25 күндеріне болжанған ауа райын жариялады. «Исландияның суық ауа массаларын сіңірген белсенді циклон Қазақстанның солтүстік жартысына қарлы боран әкеледі. Кейін келе жатқан Арктикалық антициклон әсерінен ауа температурасы одан әрі төмендейді», - делінген синоптиктердің болжамында.