Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады

Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту жөніндегі шаралар қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке медициналық алғашқы көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Халықтың басым көпшілігіне, әсіресе ауылды жерлерде мобильділік пен қолжетімділік аса қажет. Бұл міндеттер “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында белгіленген», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы амбулаториялық-емханалық нысандарды техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі мен ғимараттардың тозуын атап өтті.

Үкімет басшысы ауылдарға жұмысқа белсенді тарту және жас медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы осындай жұмыстың оң тәжірибесін келтірді.

«2025 жылдың соңына дейін 487 объектіні салу жоспарланған. Сонымен қатар 600-ден астам алғашқы медициналық көмек көрсету объектілерін күрделі жөндеуден өткізу қажет. Қабылданып жатқан шаралар, әсіресе, ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық көмекпен қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне бір ай мерзімде Денсаулық сақтау министрлігіне жылдар мен елді мекендер бойынша бөлінген алғашқы денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың жол картасын әзірлеп, жолдауды тапсырды.

Әкімдіктерге Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту және тарту арқылы МСАК дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген жас мамандарды материалдық ынталандыру шараларын қабылдау тапсырылды.


Дереккөз: primeminister.kz