Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Барлық ауылда медицина ұйымдары интернетпен қамтылуы тиіс

Барлық ауылда медицина ұйымдары интернетпен қамтылуы тиіс


Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

*****

Өңір әкімдері осы жылдың соңына дейін барлық ауылда медицина ұйымдарын интернетпен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. «Өңір әкімдері бір ай мерзімде Денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың – бастапқы денсаулық сақтау объектілерін салу мен жарақтандырудың жол картасын әзірлеп, жылдар және елді мекендер бойынша нақты бөлсін», - деді Премьер-Министр. Сонымен қатар Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне Денсаулық сақтау, Цифрландыру министріктерімен бірлесіп, жылдың соңына дейін барлық ауылда медицина ұйымдарын интернетпен қамтамасыз етіп, медициналық ақпараттық жүйелерге қосуды тапсырды. Бұл шаралар ауылдарда медициналық қызмет көрсетуді онла йн форматта жүргізу, телемедицинаны, мобильді қосымшаларды дамыту үшін қажет екендігіне назар аудартты. «Әкімдіктер Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту арқылы алғашқы медициналық көмек ұйымдарының дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз етсін. Жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген мамандарды материалдық ынталандыру бойынша шаралар қабылдау керек», - деді Асқар Мамин.

*****

Шығыс Қазақстан облысында 1-2 наурыз күндері жолда қалған 194 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланған. Аймақтық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта өңір бойынша 12 тасжолда көлік қозғалысына тыйым салынған. Оның 4-і республикалық, 8-і облыстық маңызы бар жол. 20 техника мен жеке құрамнан 50 адам жолда қалғандарға көмек көрсетуде. «Мәселен, «Бородулиха-Жезкент» тасжолында «Тойота Харриер» көлігі қар құрсауында қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті қардан шығарды», - делінген хабарламада. Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

*****

Қытайда 5G байланысы бар телефонға сұраныс артқан. Өткен жылы 5G жүйесіне қосылған 163 миллион ұялы телефон сатылған. Мұндай мәліметті осы елдің өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігі жариялады. Мамандардың айтуынша, биыл жаңа буын ұялы телефондарына сұраныс артады. Қазір оларды пайдаланушылардың қарасы 200 миллионға жеткен екен. Ал байланыс түрінің құны төмендеуде. Елдің ірі қалаларында 5 Джидің базалық станциялары салынған. Келешекте мұндай станцияларды ауылды жерлерде де салу жоспарда бар.

*****

Павлодар қаласында «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі. Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. «Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.