Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді

СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті. Тараптар Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологиялары бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ жедел деректермен алмасу бойынша сервистерді біріктіру мүмкіндіктері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша ғарыштық ынтымақтастық саласындағы мәселелерді одан әрі егжей-тегжейлі пысықтау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

*****

Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды. «Студенттердің қашан дәстүрлі оқу режімінде оқитынын құзіретті органдар шешеді. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты. - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Брифинг кезінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың аралас форматқа ауысуларына байланысты мектеп формасын киуге талап жоқ екенін айтты.

*****

Осы айдан бастап СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді. СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым сақталып қалды. Жерлеу рәсімдеріне негізінен отбасы мүшелерінің ғана қатысуына рұқсат. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, маска кию міндеті де қалды. Сондай-ақ көрмелер, форумдар, конференциялар, отбасылық, еске алу шараларын, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойларды өткізуге тыйым салынған. Қоғамдық көліктің қызметіне, қатаң шектеу шаралары мен карантин енгізілген елді мекендерді қоспағанда, жолаушылар тасымалына қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың жүруіне рұқсат берілді.

*****

Өзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің мәліметінше вакцинацияның бірінші кезеңінде елдің 4 миллионнан астам Өзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің мәліметінше вакцинацияның бірінші кезеңінде елдің 4 миллионнан астӨзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық қызметінің мәліметінше вакцинацияның бірінші кезеңінде елдің 4 миллионнан асттұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алады. Вакцина егу үшін Ташкенттегі және елдің барлық аймағындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінен 3 138 кабинет бөлінген. Сонымен қатар халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауға 820 мобильді бригада тартылады.