Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының келіссөздері өтті

Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының келіссөздері өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты келіссөздер өткізді.

Министрлер саяси және экономикалық салалардағы, транзит-көліктік, энергетика, әскери-техникалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылын талқылады.

М.Тілеуберді Ресей бағыты Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдығы болып қала беретінін және екі жақты қарым-қатынастарымызда шешілмеген мәселелер жоқ екенін атап өтті. Қазақстанда екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастар жоғары бағаланады.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, соның ішінде Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказда, Таяу Шығыста өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар аса жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шараларды дайындау мәселелері, оның ішінде екі мемлекет басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарастырылды.

Сапар бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады деп күтілуде.