Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды

Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты келіссөздер өткізді. Министрлер саяси және экономикалық салалардағы, транзит-көліктік, энергетика, әскери-техникалық салалардағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказда, Таяу Шығыста өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар екі мемлекет басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы қарастырылды.

*****

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді. «Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу үш ай бойы өтеді. Үш айда шағын топтармен түлектер өздері үшін ыңғайлы уақыт пен орында тест тапсырады. Сонымен қатар, ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Бұған дейін тестілеу қағаз нұсқада тапсырылып келді, яғни жауаптарды бояп отыруға уақыт кететін. Биылдан бастап электронды ҰБТ-ға көшеміз. Бұл тұрғыда оңтайлы басымдықтар баршылық», - деді Асхат Аймағамбетов.

*****

2020 жылдың 5 шілдесінен бастап банкеттер мен үйлену тойларын, мерейтойлар өткізіп, карантин талаптарын сақтамағандары үшін 3 935 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты деп жазады ҚазАқпарат. Айжан Есмағамбетова карантин талаптарын бірнеше рет қайталап бұзғандардың саны көбейгенін айтады. Комитеттің статистикасына сүйенсек, 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап карантиндік шектеулерді бұзғандардың үсінен 38 173 хаттама толтырылып, 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.

*****

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты жолдардың үш учаскесін су басты. Дегенмен көліктердің қозғалысы тоқтамады. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Су Осакаров ауданында, Молодежный кентінен 7 км жерде, Қызылорда - Павлодар тас жолының 1058-ші шақырымында болды. «Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты және су тасқынына қарсы облыстық жедел штабтың қатаң бақылауында», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

*****

 Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан құралған арнайы топтар су басу қаупі бар елді мекендерге аттанды. Мамандар арнайы автокөлікпен, мотопомпалармен және моторлы қайықтармен жабдықталған. Топ су тасқыны болған жағдайда адамдарды құтқарып, эвакуациялайды, шағын өзендерде мұзды жарады. Су тасқыны жағдайын бақылап, мониторинг жүргізеді. «Департамент жасағының бөлімшелері Ғ.Мүсірепов және облыстың Айыртау аудандарына жіберілді. Олар су басу қаупі бар елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов. Әр топ құрамында 40 адам бар.