↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды

Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды

Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды 

Қазақстандық театр және кино актері, Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Аян Өтепберген Испанияның Тенерифе аралында өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» жүлдесін иеленді.
Өнер иесі бұл марапатқа «Sicko» фильміндегі рөлі үшін лайық деп танылды. Қазылар алқасы актердің шеберлігін жоғары бағалап, кейіпкер бейнесін әсерлі сомдағанын, драма мен юморды ұтымды үйлестіре білгенін атап өтті.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Sicko» фильмі үш аталымда жеңіске жетті. Атап айтқанда, картина «Үздік толықметражды фильм», «Үздік актер» және «Үздік костюмдер» жүлделеріне ие болды.
Айта кетейік, Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Канар аралдарында ұйымдастырылады. Биыл мерейтойлық оныншы фестиваль 6-15 қараша аралығында өтті.

Фото: instagram.com