Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 08.04.2021

Қорытынды жаңалықтар 08.04.2021

Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті. Жиында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мен оның өңірлік филиалдарының ағымдағы қызметі талқыланды. Мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы Жобалық офис құрылған, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Мемлекеттік комиссия қызметінің барлық бағыттарын жан-жақты қамту үшін 11 жұмыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбандарының санатына сәйкес тақырыптық жоспарлар мен белгілі бір әдістемелер аясында жүзеге асырады.

 *****

Елімізде ұстаздардың 17 пайызы вакцинацианалды. Бұл туралы брифинг кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.  

 *****

Коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар 2 апта вакцина алмай күтуі керек. Бұл туралы Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі Елена Ковзел айтты. «Осы уақыттың ішінде вирустың дамымағанын және инфекция жоқ екенін түсінуге болады. Екі аптада өзгеріс байқалмаса, сізге ПТР-тест тапсыру қажет емес деген сөз. Ал қауіпті індетпен ауырып жазылғандарға 6 айдан кейін ғана вакцина алуға болады», - деді маман.

***** 

2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. Оның атап өтуінше, 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні.

 *****

Батыс Қазақстан облысында 710 төсектік 9 инфекциялық стационарда 483 адам жатыр. БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, жұқпалы аурулар ауруханалары 68 пайызға толған. Соның ішінде 28 адам жансақтау бөлімшесінде ем алуда. Облыста бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 754-ке жетті. Пневмонияға шалдыққандардың 411-і стационарда, 52-сі амбулаторлық ем алуда.

 *****

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің мамандарынан құралған арнайы топтар су басу қаупі бар елді мекендерге аттанды. Мамандар арнайы автокөлікпен, мотопомпалармен және моторлы қайықтармен жабдықталған. Топ су тасқыны болған жағдайда адамдарды құтқарып, эвакуациялайды, шағын өзендерде мұзды жарады. Су тасқыны жағдайын бақылап, мониторинг жүргізеді. «Департамент жасағының бөлімшелері Ғ.Мүсірепов және облыстың Айыртау аудандарына жіберілді. Олар су басу қаупі бар елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов. Әр топ құрамында 40 адам бар.  

 *****

Түркітілдес журналистер қоры қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялайды. Қаржы тақырыбына арналып, қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын Байқауға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. Олар “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталымның Бас жүлдесі – 500 000 теңгеге тең. Байқау Halyk Bankінің демеушілігімен ұйымдастырылады. Оның қорытындысы 19 шілдеде шығарылады.