Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада бүгін веломаусым басталды

Елордада бүгін веломаусым басталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2641 адамның індетке шалдыққаны ПТР арқылы расталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 278695 ке жетті. Оның ішінде 239448 адам жазылды. Бүгінгі жағдай бойынша, 36 436 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Вируске шалдыққандардың арасында: 591 адамның жағдайы ауыр; 172 пациенттің халі өте ауыр; 127 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Ал, бүгінгі эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша, Шымкент «қызыл», ШҚО «сары» аймаққа өтті. Осылайша «жасыл аймақта» екі-ақ өңір қалды. Олар Қостанай мен Түркістан облысы. «Сары аймақта» Шығыс Қазақстанмен бірге Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары бар. Қалған өңірлер «қызыл аймақта». Яғни Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары қауіпті аймақта тұр.

*****

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды. Аймақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қойған қаулыға сәйкес, облыста бұқаралық іс-шаралар, форумдар мен конференцияларды, көрмелерді өткізуге тыйым салынған. Ойын-сауық нысандары мен букмекерлік кеңселер мен қоғамдық қалалық жағажайлар мен аквапарктер де жұмыс істемейді. Ал білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшіп, білімді бағалау жұмыстары қашықтан өткізіледі. Медициналық ұйымдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларды оқытуға арналған оқу орындарында карантинді санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуға тиіс.

*****

«Сары» аймақта тұрған Маңғыстау облысында да карантин шаралары күшейтілмек. Аймақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыны бекітті. Оған сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем машиналарында, эпидемиологиялық ошақта тергеп-тексеру мен науқастардан және олармен байланыста болған адамдардан сауалнама жүргізу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады. Бұдан басқа, ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрермендермен спорттық және мәдени шараларды, отбасылық, салтанатты жиындарды өткізуге шектеу қойылды. Облыстық командалардың, спортшылардың «қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде және Қазақстаннан тыс жерлерінде өткізілетін жарыстарға, конкурстарға, олимпиадаларға баруына болмайды. Қаулы облыс аумағында 17 сәуірден бастап күшіне енеді.

*****

Қазақстанда зейнетақы активтерін есепке алу және есептеу тәртібі өзгертілді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, бұл өзгеріс тиісті құжатпен бекітілген. Жаңа тәртіпке сәйкес, есеп айырысу аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайынғы негізде жүзеге асырылады. Осылайша, салымшыларға ЖЗШ-дан берілетін үзінді көшірмелердегі инвестициялық табыс бөлігіндегі ықтимал өзгерістер әрбір аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында және әрбір айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңында көрініс табатын болады. Бұл ретте зейнетақы жарналарының барлық түсімдері, жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдары туралы ақпарат бұрынғыдай күн сайын толық көлемде көрсетіледі.

*****

Елордада бүгін веломаусым басталды. «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі кезең-кезеңмен іске қосылады. Алдымен Есіл ауданы қосылса, 23 сәуірге дейін Сарыарқа, Алматы және Байқоңыр аудандары бойынша жұмыс жүргізіледі. Үшінші кезең 30-шы сәуірге дейін жалғасады. Осылайша, осы айдың соңына дейін қала тұрғындарына 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады.