Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Президент Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті композитор һәм жұртқа танымал әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Ескендір Өтегенұлын халқымыз қоңыр дауысты әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде өте жақсы көрген еді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты. Халқымызға 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларын тарту етті. Әсіресе, «Атамекен», «Анаға сәлем», «Есіңе ал», «Айналайын», «Әдемі-ау», «Гүлсезім» және басқа да тамаша туындылары көрермен тарапынан жоғары бағасын алды. Халқымыздың сүйіспеншілігі мен айрықша құрметіне бөленді. Еліміздің өнері мен мәдениетін өркендетуге атсалысып, соңына жарқын із қалдырған Ескендір Өтегенұлының бейнесі ұмытылмайды, есімі халқымыздың жадында сақталады", – делінген жеделхатта.