Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді

Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады. Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақ халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген. «Осындай қиын-қыстау кезеңде біз үндістандық достарымызбен бірге пандемияны ауыздықтау мақсатында күш біріктіруге және мемлекеттеріміз арасындағы берік достық пен өзара қолдау аясында қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Үндістан Үкіметі Сіздің дана басшылығыңызбен бұл дағдарысты еңсеріп, елдің қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

*****

Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат етілді», - деді министр Үкімет отырысында. Айта кетейік, кеше еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Аталған құжатта мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни нысандар аумағында ұжымдық діни іс-шараларды ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылатындығы жазылған.

*****

Жыл басынан бері елордада карантин талаптарын сақтамаған 520 заңды тұлғаға 110 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. «Елордада өткен тәулікте індет жұқтырудың 250 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 2 239 төсек-орын әзірленді. Ондағы бүгінгі жүктеме 60 пайыз. Қалған пациенттер үйден ем алуда. 198 реанимациялық төсек-орын әзірленді, жүктеме – 58 пайыз. Резервте 4 мыңға жуық төсек-орын дайындалған. Сонымен қатар зертханалар саны 2-ден 27-ге дейін ұлғайтылған. Онда тәулігіне 13 мыңнан астам тест жүргізуге мүмкіндік бар», - деді Алтай Көлгінов. Қала әкімі «Ashyq» жобасына 300-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қосылғанын жеткізді.

*****

Орал қаласына елді мекен тұрғындарының келуіне шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты. «Соңғы аптада облыста аурудың 1 067 жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Ауруға шалдыққандарды анықтау мақсатында облыстағы 13 зертханада тәулігіне 2 мыңнан астам ПТР тестілеу жасалады. Облыс «қызыл» аймақта 1 айдан астам уақыт болғанын ескере отырып, карантиндік шектеу іс-шаралары күшейтілді. Мейрам күндері елді мекендердегі тұрғындардың облыс орталығына келуін азайту мақсатында Орал қаласында және «қызыл» аймақтағы 6 ауданда 1 мамырдан бастап 21 блокбекет орнатылды», - деді ол. Оның атап өтуінше, бұл шектеу түрі бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі келтірмейді. Аталған блокбекеттердің жұмысы stopcovid.kz сайты және «109» қызметі арқылы толықтай автоматтандырылған.

*****

5 мамырдан бастап Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL және Қазақстанның флорасы мен фаунасы монеталар сериясынан TORAŃǴY коллекциялық монеталарының сатылымға шығарады. Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL монетасының номиналы 100 теңгелік, таралымы 7 000 дана. Ал TORAŃǴY монеталарының Номиналы 200 және 100 теңгелік. 200 теңгеліктің таралымы 7 мың, 100 теңгеліктікі – 10 мың дана.