Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қалыбек Қобландин: Қандастардың әртүрлі деңгейдегі мәселелеріне 4 министрлік жауапты

Қалыбек Қобландин: Қандастардың әртүрлі деңгейдегі мәселелеріне 4 министрлік жауапты

"Сырттағы ағайын көшінің саябырсуына бұл мәселені реттеу 4 министрлікке бөлініп кеткені әсер етіп отыр" ,-дейді ​ «Қандастар» хабарына сұхбат берген ​ «Отандастар қорының» халықаралық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі, тарих ғылымдарының докторы, дипломат Қалыбек Қобландин.

Қалыбек Ибрагимұлы Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде ​ дипломаттық қызметтерді атқара жүріп, ғалым ретінде сол елдердегі қандастардың тарихы мен өзекті мәселелерін зерттеумен де айналысқан. Өзбекстандағы қазақтардың тарихы жөнінде докторлық диссернтация қорғаған. ​

«Қазір қандастардың құжаттарын реттеу, азаматтық беру, әлеуметтік мәселелерін шешу, сараптамалық талдау мен ақпараттық-түсініктемелік жұмыстар 4 министрлікке СІМ, ІІМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне бөлінген.Осыдан кейін үйлестіру мәселелері әлсіреп отыр",-деп есептейді білікті маман. Ол ​ бұл мәселелермен бір ғана басыбайлы мекеме айналысса,нәтиже болатындығын алға тартады.

Толық ақпарат хабардың үнтаспасында.