Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймаққа өтті

Қазақстан COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймаққа өтті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады. Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті.

Бір апта ішінде сырқаттанушылық деңгейі 30%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,84-ке дейін, инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 24%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 21%-ға дейін төмендеді. «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, «сары аймақта» – 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 10 өңір – «жасыл аймақта».

Бүгінгі таңда 2,4 млн-ға жуық адам бірінші компонентті, 1,3 млн-ға жуық адам екінші компонентті алды. Үкімет басшысы әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне жазғы кезеңде, әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында вакциналау қарқынын барынша арттыруды тапсырды.

«Барлық деңгейдегі әкімдер вакциналау мәселелерін жеке бақылауға алуы тиіс», — деді А. Мамин.


Дереккөз: primeminister.kz