Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев “Самұрық-Қазына“ төрағасына бірқатар міндет жүктеді

Тоқаев “Самұрық-Қазына“ төрағасына бірқатар міндет жүктеді

Тоқаев “Самұрық-Қазына“ төрағасына бірқатар міндет жүктеді 

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есепті тыңдады.
Нұрлан Жақыпов Президентке 2026 жылы Қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отырғанын айтты.
Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысын және гибридті электр станциясын салу жобасы бар.
Сонымен қатар, Жақыповтың есебінше, Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Жақыпов Мемлекет басшысына қордың инвестициялық портфелі жөнінде де мәлімет берді.
"Аталған бағытта 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салалары бойынша 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделіп отыр", - делінген хабарда.
Одан бөлек, Жақыпов қордың әлеуметтік жобаларының орындалуы туралы баяндады.
Ақорда ақпаратынша, медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық және 46 инклюзия кабинеті ашылған, спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға назар аударылып отыр.
Президент қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Фото: Ақорда