Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгін 8 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Бүгін 8 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Бүгін 8 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі 

10 қыркүйекте Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау қалаларында, ал түнде Семей, Атырау және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің болмауы немесе әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды және ластаушы заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып қалуы мүмкін.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына әсер етуі ықтимал.
Қолайсыз метеожағдай кезінде:
таза ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу;
балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту;
өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;
ашық ауада денеге түсетін физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру мен спортты жабық спорт кешендерінде өткізген дұрыс.
Сонымен қатар, синоптиктер жаңбыр, найзағай, қатты жел, тұман және шаңды дауылдар болуы мүмкін екенін ескертті. Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.

Фото: pixabay