Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматы қаласында бір тәулікте 7 307 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматы қаласында бір тәулікте 7 307 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Парламент Сенатының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Заң жобасының нормалары азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға, прокуратура қадағалауын кәсіпкерлер проблемаларын тиімді шешуге қайта бағыттауға, сондай-ақ бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы күреске мүмкіндік береді. «Қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуге арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

*****

Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызға тең. Бұл бағытта 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар, 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов айты. Оның сөзінше 2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мұрат Айтенов «Жұлдыз» индустриялы аймағының жоспарымен де бөлісті.

*****

Алматы қаласында бір тәулікте 7 307 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 маусым аралығында қалада барлығы 393 529 адамға екпе салынды. Вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 53 623. Қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. Медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді. «Қала бойынша бірінші компоненттің 65 021 дозасы және екінші компоненттің 95 682 дозасы бар», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

*****

Коронавирусқа қарсы толық вакциналанған шетелдіктер шекарада вакциналаудан өткені туралы сертификатты ұсынған жағдайда ПТР тестілерінсіз Египетке кіре алады. Бұл туралы сәрсенбіде елдің денсаулық сақтау және халық саны министрлігі мәлім етті. «Бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Египеттің Дәрі-дәрмектер басқармасы мақұлдаған вакциналар кіреді. Екі компонентті вакцинаның («Спутник V», Pfizer, AstraZeneca, Moderna, Sinopharm, Sinovac) екінші дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң немесе бір компонентті Johnson & Johnson вакцинасының бірінші дозасын алғаннан кейін 14 күн өткен соң елге кіруге рұқсат етіледі. Сертификаттарда QR-код және ресми органның мөрі болуы тиіс, ешқандай түзетулерге, қолмен жазып жөндеуге немесе қосып жазуға жол берілмейді», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

*****

Алдағы күндері Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Бүгін және еретң Шығыс Қазақстан облысында, ертең Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.