Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімет таратты.

Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ.

*****

Мамандар коронавирустың «Дельта» штамының ерекшелігін айтты. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, індетті жұқтырған пациенттердің көбі іші, асқазаны ауыратынын айтып шағымданған. Ал ПТР тест алған кезде науқастардың өкпесіне айтарлықтай зақым келгені анықталып жатыр», - деді Тимур Мұратов. Оның мәліметінше, «Дельта» штамы өте жылдам жұғады. Оның инкубациялық кезеңі 7 күннен аспайды, көптеген науқаста 3-4 күнде іші ауырып, 5-6-күндері жөтеліп, өкпесі зақымдалады. Дегенмен, басқарма басшысы вирус қалай мутацияланса да онымен күресте вакцина тиімді болып қала беретінін айтты.

*****

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады. Бейнеконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы өтті. Оған Қазақстан тарапынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты. Министр өз сөзінде келісім шеңберінде қабылданған шаралардың арқасында әлемдік мұнай нарығындағы жағдай жақсарғанын атап өтті. Қазақстан келісімге қатысушы елдердің ағымдағы өндіріс көлемін ұлғайтуға келісті. Кездесудің қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің қазіргі деңгейін келісімге қатысушылар 5,8 млн баррель деңгейіндегі тәуліктегі шектеуді алғанға дейін, ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Қазақстанда мұнай өндіру ай сайын орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.

*****

Түркістан облысы әкімдігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қолдауымен Маңғыстау және басқа да облыстарға қосымша 40 вагон жем-шөп жібермек. «Құрғақшылық тек батыс өңірлерде ғана емес, Түркістан облысында да орын алды. Атап айтқанда, Келес және Сарыағаш аудандарының шаруалары осы мәселеге тап болды. Дегенмен, бүгінде өңірдегі жағдай тұрақты. Бірқатар аудан қажетті жем-жөп мөлшерін 100% жинап үлгерді. Сондықтан, Түркістан облысының тұрғындары мен еріктілері Маңғыстаулық шаруаларға көмек көрсетті. Бұған дейін 23 вагон жем-шөп жөнелтілсе, осы күндері тағы 10 вагон мал азығы Сарыағаш қаласының теміржол стансасынан аттанды. «Қазіргі уақытта жергілікті еріктілер мен аграршылар Маңғыстау және басқа да облыстарға қосымша 40 вагон жем-шөп жіберуді қолға алды. Келісімге сәйкес, тасымалдау жұмыстары тегін жүргізілмек. Сонымен қатар, облыс әкімдігі және «Қазақстан темір жолы» компаниясы қажет болған жағдайда тағы 100 вагон ұсынуға дайын.

*****

Токиоға жеткен біздің спортшылар жаттығуларына кірісті. Олар дәрігерлердің бақылауымен ыстық әрі ылғалды климатқа бейімделеді. Алғаш болып Жапонияға жеткен делегацияның 128 мүшесі талапқа сай ПТР тест тапсырды. Қазақстандықтар тапсырған бүкіл тест теріс нәтиже көрсетті. Енді 23 шілде күні Олимпиада ойындарында бірінші болып төрт қазақстандық спортшы бақ сынайды. Садақ атудан іріктеу кезеңінде Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин сынға түссе, академиялық есуден Владислав Яковлев жарысты бастайды.

*****

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі турнирдің жеңімпазы атанды. Турнирде бірінші нөмірмен қатысқан Путинцева финалда украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды. 26 жастағы қазақстандық үшін бұл Әйелдер теннис ұйымындағы (WTA) екінші жеңісі.