Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 500 мыңға жуықтады

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 500 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 500 мыңға жуықтады. Өткен тәулікте індет 5317 адамнан анықталды. Ең көбі Елордада тіркеліп отыр. Бас қаланың 1367 тұрғынынан инфекция расталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 494222 ге жетті. Қазіргі уақытта 1047 адамның жағдайы ауыр, 230 пациенттің халі өте ауыр, 144 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Ал, коронавирустың таралуы жағынан жасыл аймақта ешқандай өңір қалмады. «Сары» аймақта: Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. Қалған өңірлер «қызыл» аймақта орналасқан. Айта кетейік, қауіпті аймаққа бүгін Алматы облысы көшті.

*****

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін алғандар саны 4 млн 900 мыңға жуықтады. 2 - ші компонентті 2 798 360 адам салдырды. Вакциналау науқанында Алматы қаласы, Түркістан және Алматы облыстары, Шымкент қаласының тұрғындары белсенділік танытуда.

*****

Жалған ПТР анықтамасын жасаған Алматы әуежайының қызметкерлері ұсталды,- деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 1992 және 1993 жылы туылған азаматтарды құрықтады. Белгілі болғандай, олар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатылды. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасады. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жіберді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінді. Қазіргі уақытта бұл азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалып, олардың басқа да фактілерге қатыстылығы анықталуда.

*****

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде ауру жұқтыру күрт көбейді,-деп жазады Ақ Жайық. Аймақта бір тәулікте 293 адам Сovid-19 –ға шалдыққан. Оның басым бөлігі Атырау қаласына тиесілі. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 31 адамнан вирус расталды. Кеніштегі инфекциялық стационарда 113 науқас емделіп жатыр.

*****

Сыр өңірінде де эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Коронавирустың таралу көрсеткіші өсіп, өткен тәулікте 127 адам індетке шалдықты. Бүгінде ауруханалар 66 пайызға толып, қосымша төсек орындар әзірленуде. Аймақта жағдай ушыққанына қарамастан былтыр 6 миллиард 300 миллион теңгеге салынған модульдік аурухана ел игілігіне берілмей тұр. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетовтің айтуынша, заманауи аурухананың іске қосылмауына мердігер мекеме кінәлі. Олар құжат рәсімін созып жіберген. Сол себепті, қолда бар модульдік стационар дәл қазір мемлекет меншігінде емес. Дегенмен, таяуда толық заңдастыру жағы аяқталып, 200 орындық инфекциялық аурухана тамыз айының ортасында пайдалануға берілмек.

*****

ІІМ желіде жалған вакцинация төлқұжаттары мен ПТР анықтама жасайтын 46 жарнаманы анықтады. Бұл туралы ведомствоның дәстүрлі брифингінде белгілі болды. Млім болғанындай, бұл ресурстарда Ресейде, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар таратылған. Онда Министрлік мамандары алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемаларды анықтады. Вакцинациялаудың 1-ші кезеңінен өткендігі туралы растау үшін алаяқтар мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді. Содан кейін олар 2 кезең үшін алдын-ала төлемді талап етіп, алған соң жоғалады. Бірқатар жарияланымды талдау алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықтады, ал сатушылар үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданған.