Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады

Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Бұлу туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. «Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы құрбандықтарын қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

*****

Мемлекеттік бюджет шығыны көбейді. Биыл ол 6 трлн. 600 млрд.теңгені құрады. Бұл жылдағы көрсеткіштен 9%-ке көп. Қазына қаржысы негізінен әлеуметтік саланы қолдауға жұмсалған. Бұл туралы Индустриалды-инновациялық даму министрлігі мәлімдеді. 

*****

Қазақстанның вакцинация паспортын 7 ел мойындады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. Вакцина алуда оның паспорты шетелде мойындалғаны емес, оның қаншалықты тиімді екені маңызды. Басты мақсат – вакцина арқылы денсаулықты сақтау. Бүгінгі күні Қазақстанның вакцинация паспортын Таиланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Грузия, Кипр, Түркия мойындады. Сол секілді Ресейде де ЕАЭО аясында вакцинация паспортын мойындау үшін келіссөз жүргізілуде. Біздің министрлік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, өзара вакцина паспортын мойындау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Яғни шетелдіктердің вакцина паспортын біз ғана мойындап қоймай, екіжақты ету міндеті тұр, – деді Айжан Есмағамбетова.

*****

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жарияланды. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі жедел штаб отырысында мәлімдеді. Оқиға облыс орталығының маңындағы жағажайлардың бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жеке жағажайлардың бірінде жалаңаштанған жастардың кеші өткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Демалыс күндері жеке кәсіпкерлер жер телімін жалға алып, жаппай іс-шара ұйымдастырғаны белгілі болды. "Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық кентінің жанында "Ванильные берега" жағажайында кеш өтті. Оны жағажайды жалға алып, Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны ұйымдастырды. Тәртіп бұзғандардың бірі Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қалғандарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті.Ғали Есқалиев құзырлы орган қызметкерлерін заңсыз іс-шараға қатысқандардың бәрін жауапкершілікке тартуды тапсырды. 

*****

Алматыда 17-25 тамыз аралығында өтетін Қазақстан Кубогы матчтарының кестесі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz. Кубок үшін Pro Hokei Ligasy атынан 12 команда таласады. Олар өткен маусымдағы рейтингтеріне сәйкес екі топқа бөлінді. Әр топтан екі команда жартылай финалда кездесетін плей-офф кезеңіне өтеді. Турнирдің шешуші кездесуі 25 тамызда болады.

*****

Францияда COVID-19 індетінің төртінші толқыны басталды. Осыған байланысты билік жаңа жоспар құрып жатыр. Тамыздан бастап көптеген орындарда бақылау күшейіп, медицина қызметкерлері үшін вакциналау міндеттелуі мүмкін. Сарапшылар бұл талаптарды Еуропадағы ең қатаң шаралар деп бағалады. Тұтынушыларының екпе алғанын тексермеген мекемелерге 45 мың еуро айыппұл салу да жоспарда бар. Вакцинаға қатысты қатаң заң жобасы 30 тамызда күшіне енеді.