Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордадағы инфекциялық стационарлар 72 пайызға толды

Елордадағы инфекциялық стационарлар 72 пайызға толды

Елордадағы инфекциялық стационарлар 72 пайызға толды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдіктің онлайн брифингісінде мәлімдеді.

Басқарма басшысы стационарлардың төсек қуаттылығы 3 562 орын екенін еске салып, қазіргі уақытта коронавируспен күресуге 16 инфекциялық стационар тартылғанын айтты.

*****

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың мәліметінше, елордада инфекциялық аруханалармен бірге жедел жәрдем қызметі де шектен тыс жүктемемен жұмыс істеуде. Елордалықтардан тәулік сайын коронавирус індетімен байланысты 300-ден астам қоңырау түсіп жатыр.

*****

Әсіресе, азаматтар өздерін-өзі үй жағдайында емделуіне байланысты ауруханаға ковидтің ауыр түрімен түсуде. Медициналық көмекке бірден жүгінбеу, дәрігердің қарауынсыз тікелей антикоагулянттармен емделген науқастарды реанимация бөлімшесіне ауыстыруға тура келеді», - дейді маман. Басқарма басшысы тұрғындардан түсетін шақыртуларға үлгерудің өзі проблемаға айналғанын айтады. «Қазіргі уақытта жедел жәрдем бригадалары мен мобильді бригадалардың жұмысында да үлкен жүктеме байқалып тұр. Тек өткен тәулікте жедел жәрдем станциясына түскен қоңыраулар саны – 4 мыңнан асты. Шақыртулар саны – 2 300. КВИ бойынша қоңыраулар саны - тәулігіне 300-ден асып отыр», - деді Тимур Мұратов.

*****

Алматы облысында эпидахуал нашарлады. Эпидемиологиялық матрица бағалауы бойынша, Ескелді мен Талғар ауданы, Текелі мен Талдықорған қаласы «қызыл» аймақта, Іле, Қаратал аудандары «сары» аймақта, қалған қалалар мен аудандар «жасыл» аймақта. 2020 жылдың наурыз айынан бері КВИ-дің 29 872 лабораториялық расталған жағдайы тіркелді. Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,4%-дан 0,6%-ға артты. Негізінен, КВИ және «Дельта» екпе алмаған тұрғындар арасында тіркелген. Бүгінде бірінші компонентпен 513 109 адам егілді, екінші компонент 291 549 адамға салынды. Қазақпараттың мәліметінше, вакциналанғандар саны бойынша педагогтар (37 594) және медицина қызметкерлері (23 167) көш бастап тұр.

*****

Гвинея құрамасы коронавирус пандемиясы байланысты Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. 1 шілдеден бастап Токиодағы спортшылар, жеке құрам және делегация мүшелерінің арасында індет жұқтырған 87 адам тіркелген. Жалпы жарысты ұйымдастырушылар спортшылардың қозғалысына қатаң шектеу қойып отыр. Оларға тек арнайы жалға алынған көлік және жатар орны мен спорттық ғимараттарда ғана жүріп-тұруына рұқсат етілген. Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары Токиода ертең ашылады.

*****

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. Токио Олимпиадасына әйелдер арасынан Галбадрах Отгонцэцэг, ал ерлер құрамасынан жалпы саны бес дзюдошы қатысады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Ислам Бозбаев (90 кг). Татами шеберлері жарысты екі күннен кейін бастайды. Бұған дейін теннис пен үстел теннисінен қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталған еді.