Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді


25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды. «Сайлаушыларды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек», - деп жазды Тоқаев. Бұл бастаманы Президент 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған. Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың дәйектілігін және тиімділігін көрсетеді. 

*****

Елімізде кеше 6119 адам кронавирус жұқтырғаны анықталды. Өңірлер бойынша ең көбі Елордада. Бас қалада 1381 адамнан ПТР тест арқылы вирус анықталған. Алматыда 996, Шымкентте 488, Атырауда 489 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта. Тек Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта. Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 5 млн-нан астам адам, 2 - ші компонентін 3 млн-нан астам адам салдырды. 

*****

Ақтау қаласында 23 шілдеден бастап Ыстанбұл-Ақтау-Ыстанбұл бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер Акйылдырым және Türkısh airlines компаниясы филиалының директоры Хасан Саваш Ерден қатысты. Ақтау қаласы Каспий жағалауы мен оның айналасындағы көрікті жерлердің әсемдігін көргісі келетін туристерді шақыра отырып, сондай-ақ әлемдік бизнес қауымдастықты инфрақұрылымға инвестиция салуға тартады, - деді аймақ басшысы. Жаңадан ашылып отырған рейс аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері ұшады.

*****

Биыл бірінші тоқсанда Қазақстанда 100 мың 500 сәби дүниеге келді, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дүниеге келгендер санының өсуі 8,4% құрады, деп хабарлады ranking.kz. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 92,7 мың нәресте дүниеге келген. Жалпы былтыр елімізде 425 мыңнан астам кішкентай қазақстандық дүниеге келді. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында халық саны 18 млн.940 мыңға жетті. 

*****

Бүгін Токио Олимпиадасының алауы тұтанады. Олимпиада ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер 339 медаль жиынтығын сарапқа салады.

*****

Канадалық блогер Джеймс Хобсон және оның командасы әлемдегі ең жарық шамды жасап шығарды. Құрылғы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Шамдар Nitebrite 300 деп аталады. Оның 300 жарық диодты шамдары бар, ал жарықтығы 501 031 люменге жетеді. Салыстырмалы түрде, нарықтағы ең қуатты фонарь Imalent MS 18-де 18 жарық диоды бар. Алып шамның үш режимі бар: әлсіз, күшті және турбо. Ол түнде футбол алаңын жарықтандыра алады.