Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қайрат» Сербияның «Црвена Звезда» командасынан жеңіліп қалды

«Қайрат» Сербияның «Црвена Звезда» командасынан жеңіліп қалды

Еліміздегі эпидахуалға тоқталсақ. Өткен тәулікте 7479 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталған. 2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысынан басқа өңірлер әлі «қызыл» аймақта тұр.

*****

Түркияның Анталия провинциясында орман өртеніп, қызыл жалын Манавгат курорттық қаласына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Бастапқыда төрт жерде тұтанған жалын желден тез тарап, шаһардың тұрғын аудандарына жеткен. Қауіпті мекендерден тұрғындар шұғыл эвакуацияланған. Қала мэрінің айтуынша, көптеген үй мен ғимарат жанып кеткен. Табиғат апатынан 50-дей адам жапа шеккен. Бірақ қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Тілсіз жаумен 400-ден астам өрт сөндіруші күресіп, тікұшақ пен ұшақтар қолданылып жатыр. Өрт аптап ыстықтан шыққан болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі аймақта сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

*****

Токио төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар спорттың төрт түрі бойынша сайысқа түседі. Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең. Бүгінқазақстандықтар өнер көрсететін спорт түрлері мынадай: 08:30 Су добы. Ерлер Алдын ала іріктеу раунды. Қазақстан — Испания 12:00 Теннис. Әйелдер. Жеке разряд, Жартылай финал. Елена Рыбакина — Белинда Бенчич (Швейцария) 14:15 Бокс. Ерлер 75 кг. 1/8 финал. Әбілхан Аманқұл — Фанат Кахрамонов (Өзбекстан) 14:18 Садақ ату. Ерлер 1/32 финал. Ильфат Абдуллин — Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания) 15:51 Бокс. Ерлер. +91 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев — Юсри Резк Мұстафа Хафез (Египет).

*****

Токио олимпиадасының ауыр атлетикадан қос қола жүлдегері елге оралды. Алматы халқы ел мақтаныштарын әуежайдан салтанатты түрде қарсы алды. Жүлдегерлерге жанкүйерлер, туыстары мен достары құттықтауларын жаудыртып, гүл шоқтарын сыйлады. Спортшылар кездесу барысында алған әсерлері мен жарысқа дайындықтары туралы айтты. Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ауыр атлет Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды - екі жаттығудың нәтижесі бойынша ол 294 келі салмақты көтерді. Сонның жүлдесі - Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль. Ауыр атлет Зүлфия Чиншанло да 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. Екі сайыстың нәтижесі бойынша Чиншанло 213 килоны көтерді.

*****

UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Сербияның «Црвена Звезда» командасымен қарымта ойында жеңіліп қалды. Биылғы алғашқы кездесуде алматылық клуб аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен еді. Алматылық команда бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті. Ал «Црвена Звезда» екінші іріктеу сатысына жолдама алған. Кешегі кездесуде сербиялық футболшылар сәтті ойын көрсетті. Бірінші кезеңнің өзінде олардың қатарынан Александар Катаи 9, 42, Луа Дьони 21-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде сербиялық команда басымдығын арттыра түсті. Алдымен Мирко Иванич 49-минутта есепті үстемелей түссе, Филиппо Фалько 56-минутта қақпаны дәл көздеді. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді. Сербиялық клуб жарысты жалғастырады. «Қайрат» енді 5 тамызда Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкерт» клубымен сынға түседі Ал «Црвена Звезда» үшінші іріктеу сатысында Молдованың «Шериф» командасымен шеберлік байқасады.