Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

«Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты. Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта бұл кәсіпорын ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының серіктесі саналады. Институт «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакцина, оның ішінде QazVac шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды. Осы айда қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында QazVac вакцинасының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.

*****

Оқу жылын басталғаннан бері 244 сынып 2 апталық карантинге жіберілді. Бұл – 2 800 бала. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты. «Әзірге карантинге ешбір мектепті жапқан жоқпыз. Қазір ауру жұқтырған балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп, сыныптарды 2 апталық карантиндік оқыту режиміне көшіріп жатырмыз. Бізде 22 400 сынып бар. Бүгінде соның ішінде 244 сынып жабылды. Бүкіл сыныптардың 1 пайызына тең.», - деді әкім орынбасары. Сонай-ақ, ол балабақшада жүріп ауру жұқтырғандар да бар екенін айтты. «1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиеленушілері арасында вирус жұқтырудың 18 жағдайы, оқушылар арасында 209 жағдай тіркелді. Қалалар мен аудандардың бас санитар дәрігерлері індеттің таралуын болдырмау үшін сыныптарды карантинге жіберу туралы 176 қаулы шығарды», - деді Байжұманов.

*****

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады. Бір тәулікте қалада 719 адам коронавирус жұқтырған. «Инфекциялық стационарларда 3 383 адам бар, оның - 107 бала», – деді Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 316 адам жатыр. Ал 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 934 пациент бар.

*****

Батыс Қазақстан облысында 9-12 қыркүйек аралығында 370 адамнан коронавирус анықталды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, солардың 250-інде ауру белгілері болса, 120-сы – симптомы жоқтар. Сондай-ақ 77 адам бұрын ауырғандармен байланыста болса, 84-і профилактикалық мақсатта қаралған. Департамент мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері 36 200 адам індетке шалдығып, 28 228-і жазылып шықты. 713 науқас көз жұмды.

*****

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғыз елі, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия – 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл оқу-жаттығу Орынбор облысында өтеді. Оған Қазақстан Қарулы Күштерінен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы, әскери-әуе күштерінің Су-25 ұшақтары қатысады. Оқу-жаттығу аясында ШЫҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері терроризмге қарсы бірлескен операцияға дайындалу және оны өткізу мәселелерін пысықтайды.