Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. 

Жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мемлекеттік қызметші антын қабылдады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын айтты. Вирустың репродуктивті индексі – 0,87. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 35%-ға дейін төмендеді. Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 48 стационар коронавируссыз пациенттерді қабылдайтын стандартты бейіндік режимге көшірілді.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Түркістан облысы «жасыл аймақта», Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан. Қалған 11 аймақ «қызыл аймақта» тұр.

Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 7,1 млн жуық адам, екінші компонентін 6 млн адам алды. Үкімет басшысы Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында вакцинамен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

А. Мамин қазіргі басты міндет «қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде сырқаттанушылық деңгейін тұрақты төмендету екенін атап өтті. Бұл үшін санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Үкімет басшысы білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.



Дереккөз: primeminister.kz