Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Іздеу саламыз!

Іздеу саламыз!

Өмір – кейде күту залы сияқты. Бірі жақын адамынан қоңырау күтіп отыр. Енді бірі хабарсыз кеткен қымбат жанынының үйге оралғанын күтіп жүр. Ең бастысы, үміт үзілмесін.

Хат қоржыны:

1. Қайырлы күн! Мен, Жұмахан Қанапиаев деген курстасымды іздеймін. Әйелінің есімі Айжан, қызы Гүлдана. Баласының есімін ұмытып қалыппын. Ол да біз сияқты Қазақ педагогикалық институтының «Тарих» факультетінде оқыпты. Соңғы кездері Алматы қаласы С.Ковалевская, қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы көшедегі 242 - үйде тұрды. Соңғы барғанымда келіншегі Айжан ««Сауран» жаңа автобекетінен Алатауға көтерілер көшедегі жатақхана пәтерге берілді, соны жөндеп, көшкелі жатырмыз»,- деген еді. Студент шақтағы досымды табуға көмектесіңіздерші.

2. Құрметті редакция, мен, Серік Ізбасаров, Атырау қаласында тұрамын. Мен туған ағам Фатихолла Сакуповқа іздеу саламын. Ағамның лақап аты – «Меңдібай», ол 1962 жылы бұрынғы Гурьев облысы Балықшы ауданы Қызылбалық ауылында туған. Ағамды 1,5-2 жасында әкемнің апа-жездесі асырап алған. Олар қайтыс болған соң ағам біздің үйге келді. Содан 1995 жылғы маусымда жоғалып кетті. Ақтөбеде деп естіген соң, 2005 жылы іздеп бардым, таба алмадым. Ағамды тауып берулеріңізді сұраймын, 26 жыл болды көрмегеніме...

3. Ербол Мыңбаев әскери борышын бірге өтеген достары: Мерғали Елеусінов пен Мақсат Ақманбетовке іздеу салады. Екі дос та Ақтөбенің тұрғыны болуы мүмкні, екеуі де 1963 жылы туған.

Кейде бір қоңырау немесе бір жапырақ хат ондаған жылдың түйінін шешіп, ең күрделі жұмбақтың жауабын тауып береді.

Егер бүгінгі хабарда аты аталған жандарды танысаңыздар, олар жайлы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, хабарласыңыздар, 8-707-53-55-383 нөмірі сіздерден қоңырау күтеді.

ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!