Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Өңірлерде коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Өңірлерде коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды. деп хабарлайды Ақорда. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін І дәрежелі «Айбын» орденімен Саят Әлімбеков, Сергей Заикин, Ерлан Қырғызәлиев, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Әділет Әділбек, Әліби Кеңес, Ғафан Қуатбек, Жәнібек Тұрманов награтталды.

///

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмысын күшейтуге тиіс. Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осындай тапсырма берді. Бұл ретте Үкімет басшысы азық-түлік бағасының көтерілуі Түркістанда, Нұр-Сұлтан және Қызылордада тіркелгенін жеткізді.

///

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ға өсті. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл ретте көкөністер едәуір қымбаттады. Дегенмен, ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен толтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақтанды. Азық –түлікке төмен баға Қарағанды облысында, Алматы қаласында, Алматы облысында тіркелген.

///

Өңірлерде коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, елде 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 56 пайыздан, реанимациялық төсек-орын - 45 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылды. Жалпы 12 мыңнан астам төсек-орын қысқарған», - деді министр.

///

Атырауда 50 дана трамадол және трапикамед дәрісін заңсыз сатып жүрген азамат ұсталды. Облыстық Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі Сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы Айша Талапкердің мәліметінше, қылмыскер «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы кезінде құрықталған.

 ///

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.