Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

Қазақстанда өткен тәулікте 2411 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 867366 адамға жетті. Коронавирус белгілері бар пневмония 317 адамда анықталды. Кесел салдарынан бір күнде 9 науқас көз жұмды. Откен жылдың наурыз айынан бері коронавирустық пневмонияға 74 мыңнан астам адам шалдыққан.

*****

Pfizer және BioNTech 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда коронавирустық вакцинаның клиникалық сынақтарының аяқталғанын жариялады. Үш кезеңдік зерттеуге 2268 бала қатысты, оларды иммундау үшін ересектерге қарағанда үш есе аз доза қолданылды. Сонымен қатар, осы жас тобындағы антиденелер титрі 16-25 жастағы адамдарда қалыптасқан антидене титрімен сәйкес келген. Балалар арасында жанама әсерлер де байқалмаған. Енді компания жыл соңына дейін 6 айлық сәбиден бес жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған вакцинаны сынақтан өткізбек.

*****

Түркістан облысында 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді. Жаңа оқу жылының басынан бері аймақта 38 мұғалім мен 148 оқушы коронавирус инфекциясымен ауырды. 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысып келген, қалған 77 бала оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған. ​​​​Эпидемияға қарсы шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды.

*****

Елордада ертең жылу беру маусымы басталады. Тиісті қаулыға қала әкімі Алтай Көлгінов қол қойды. Бұған дейін кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу жүйесіне қосылған болатын. Қала әкімінің мәліметі бойынша, «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Қараша айына дейін Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары көгілдір отынға қосылады. Сондай-ақ, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Мұндағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

*****

Жезқазған жылу маусымына 100 пайыз дайын. Қаладағы жылу энергия орталығы облыс бойынша алғашқы болып әзірлік паспортын алды. Сонау 1952 жылдары салынған станцияның бүгінде біраз қондырғысы ескірген. Осыған орай мұнда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әбден тозған құрал-жабдықтар 2038 жылға дейін кезең-кезеңімен түгел жаңартылмақ. Сондай-ақ тоқ жүйесі толықтай ретке келтіріледі. Ол үшін 7 миллиард теңге қаржы бөлінген.

*****

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшылығы және банк өкілдерімен кезекті жиын өткізді. «Көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға үй алу үшін 2,2 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі. Бірақ мұндай жеңілдік тек «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы үй алатын отбасыларға ғана жасалады. 2 млн теңгеден астам сома – бұл пәтер құнының 25 пайызы. Өйткені мұндай тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы - 160 мың теңге. Бұл коммерциялық нарықтағы баспана құнынан екі есе төмен», - деді облыс әкімі. Оның айтуынша, бүгінде аталған санаттағы 104 отбасы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

*****

 Алдағы демалыс күндері елордалықтарға Ақтөбе облысы өз өнімдерін ұсынады. Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25 және 26 қыркүйекте «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтеді. Оған Ақтөбе облысының 12 ауданы мен қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін жеткізеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына жалпы көлемі 197 тоннадан астам тауар әкелінеді.