Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокс кешінде шаршы алаңға шығады

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокс кешінде шаршы алаңға шығады

21 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр. Елімізде кеше 3509 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. Ал 2093 адам, керісінше, коронавируске шалдыққан. 

*****

Атырау қаласында тағы да екі күн ыстық су берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұдан бұрын Атырауда ыстық су беру бір аптаға тоқтатылған. Енді «Атырау жылу желілері» АҚ тағы екі күн бойы ыстық су беруді тоқтату туралы шешім қабылдаған. «Күрделі жөндеу жүргізудің жоспар-кестесіне сәйкес, жоғары қысымды құбырлардың гидравлика тығыздығы сыналады. Осыған байланысты 22-ші және 23-ші қыркүйекте қаланың барлық жылу пунктінен ыстық су беру уақытша тоқтатылады» -деп ақпарат таратты аталған кәсіпорыннан. Кәсіпорын сынақ жүргізу кезінде құбырларға жақындамай, айналып өтуге кеңес береді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

***** 

Жамбыл облысында полицияға 265 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысы аумағында қыркүйек айының 13 мен 19 күндер аралығында «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оған 475 полицей, білім басқармасының 67 қызметкері, жергілікті әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасының мамандары бар. «Профилактикалық іс-шара барысында Ішкі істер органдарына 265 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде жасөспірімдерді қолдау орталығына 21 бала орналастырылды. 22 жасөспірім және 14 жайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды.

*****  

Қазақстанның бірінші ракеткасы, 20 жастағы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде үздік он бестікке жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz. Теннисші карьерасында алғаш рет 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Бұл - Қазақстан үшін жаңа рекорд. Еліміз үшін ұзақ уақыт 25-ші орын рекорд болып келді, бұл орынға 2012 жылы Ярослава Шведова көтерілген. WTA рейтингінде көшбасшы – аустралиялық спортшы Эшли Барти.

*****

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Боксшылардың менеджері Зия Әлиев өз клиенттерінің Қазақстанда өтетін бір бокс кешінде өнер көрсететінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz. - 18 желтоқсанда Қазақстанда мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шоу жасаймын, промоутер боламын. Оған Данияр да, Иван да қатысады. Қалған боксшылармен де жұмыс жасап жатырымын», - деді Әлиев. Айта кетер жайт, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Triller Fight Club промоутерлік компаниясымен ынтымақтастықты бастайды. Елеусінов соңғы айқасын 2020 жылдың қарашасында өткізді. Екінші раундта ол Юлиус Индонгоны нокаутқа жіберді (23-4, 12 КО). Ал Дычко осы жылдың шілдесінде болған жекпе-жегінде ресейлік Денис Бахтовтан (39-19, 26 КО) бірінші раундта басым түсті.