↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тоқаев Рахмонды туған күнімен құттықтады

Тоқаев Рахмонды туған күнімен құттықтады

Тоқаев Рахмонды туған күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның тәуелсіз Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуына, бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға, елдің ұзақмерзімді дамуына қосқан тарихи үлесін атап өтті.
Қазақстан Президенті Тәжікстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікті және одақтастықты нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекетаралық ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша қазақ-тәжік байланысын кеңейтудің маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.

Фото: Ақорда