↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады. Бұл лауазымға Айтқұрман Омарбеков келді
"Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Айтқұрман Омарбеков 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін "Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру" мамандығы бойынша және Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
1997-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында қызмет еткен.
2014-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрамында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда болған.
2022 жылғы қаңтарда ҚР президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалған.
2022 жылғы ақпанда ҚР президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысы болып тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығында ауыс-түйіс болды. Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Фото: ҚР МКҚ