Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жапония коронавирусқа қарсы қайта егуді желтоқсанда бастамақ

Жапония коронавирусқа қарсы қайта егуді желтоқсанда бастамақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып жатқан делегация басшыларымен кездесті. Жиынға Бахрейн, Беларусь, Үндістан, Қатар, Қырғыз елі, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің сыртқы істер министрлері, Израильдің туризм министрі, сондай-ақ 5 халықаралық ұйым мен 15 мемлекеттің дипломатиялық миссиясының басшылары қатысты. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізуге Қазақстанның бастамашы болғанын және Кеңестің географиялық аясы мен күн тәртібінің ауқымы кеңейген құрлықтық платформаға айналғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңеске мүше мемлекеттердің бәріне және Кеңес хатшылығына Қазақстанның төрағалығы аясында жасалған өзара табысты іс-қимылдары үшін ризашылығын білдірді.

*****

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне төрағалығын ұзартуды ұсынды. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты. «Бүгінде Кеңес - диалог алаңын толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау барынша айқын сезілетін деңгейге шықты. Форум 30 жылға жуық уақыттың ішінде толыққанды халықаралық ұйымға қажетті барлық атрибутқа ие», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары. «Осыған орай Кеңесті трансформациялауды одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстан 2022-2024 жылдарғы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің төрағасы лауазымына кандидатурасын ұсынады. Мүше мемлекеттер келесі мерзімге қазақстандық төрағалықты ұзартуды қолдайды деп үміттенемін», - деді Ақан Рахметуллин.

*****

«Пандемия басталғалы елордада коронавируспен сырқаттанудың 144 мың 161 жағдайы тіркелді, оның ішінде 139 мыңнан астам адам сауығып шықты. Бұл жалпы науқастардың 97%-ына тең. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов айтты.

*****

Атырау облысында 541 адам коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр. Оның ішінде 207 науқас инфекциялық стационарларда, ал 334 пациент үйінде емделіп жатыр. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен тәулікте қауіпті вирусты 13 адам жұқтырған. «Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 адам сауығып шықты», - делінген хабарламада.

*****

Жапония өз халқын коронавирусқа қарсы қайта егуді биылғы желтоқсанда бастамақ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жазылған. Жапония Премьер-министрі Парламенттегі пленарлық отырыста азаматтарды COVID-19-ға қарсы егудің үшінші мерзімі өзгергенін айтты. Бұған дейін вакцинаның үшінші дозасын келесі жылдың басында еге бастау жоспарланған. Бірақ вирустың таралуы иммундауды желтоқсанға ауыстырды. Бірінші кезекте, егде жастағы азаматтар мен жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар егілетін болады.