Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Неміс ғалымдары жүрекке арналған әлемдегі ең кішкентай аппарат жасап шықты

Неміс ғалымдары жүрекке арналған әлемдегі ең кішкентай аппарат жасап шықты

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары қарызды қайтаруға берілген мерзімнің өткені туралы борышкерге 20 күн ішінде ескертуге тиіс. Қаржы нарығын реттеу агенттігі түзету енгізілген заң осы айда күшіне енгенін хабарлады. Банктер сонымен бірге қарыз алған азаматқа өсімпұлдың нақты мөлшерін айтуға міндетті. Ал борышкер мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде банкке жүгінуі керек. Несиені уақытында қайтармаудың нақты себебін көрсетіп, төлем жасауға қауқарсыз екенін растайтын құжат беруі тиіс. Қаржы ұйымдары борышкердің өтінішін қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға міндетті.

*****

Елімізде осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 7 915 434 адам, 2 - ші компонентін 6 983 073 адам салдырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте 1958 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

*****

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады. Сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен салмағы 60 келі 440 грамм болатын «каннабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленген. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі затын сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затының 10 қабы алынған, күдікті бұл қаптарды жаз мезгілінде елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындап, жасырған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындаған, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қылмыстың бұл түрімен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

*****

Неміс ғалымдары жүректің қан айналымын жақсартатын әлемдегі ең кішкентай құрылғы жасап шықты. Диаметрі – небәрі 3 милиметр. Ал жүрек ішінде көлемі 7 миллиметрге үлкейеді. Соның арқасында адам жүрегіне жасалатын операциялар әлдеқайда жеңілдей түседі, дейді мамандар. Себебі құрылғының көлемі кішкентай болғанына қарамастан, ол минутына 5 литрге дейін қан айдай алады. Яғни, жүректі толыққанды қан айналымымен қамтамасыз етеді. Айта кетерлігі, бұл құрылғыны жасауға ғалымдар 20 жылын сарп еткен.

*****

Есеп комитеті Токио Олимпиадасына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізіп жатыр. Президент тапсырмасымен Олимпиада ойындарына дайындық үшін берілген ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалғаны анықталмақ. Мемлекеттік бюджеттен Ұлттық олимпиада комитетіне 15 млрд 6 млн теңге бөлінгенін еске салайық. Токио-2020-ға Қазақстаннан 93 спортшы барып, 8 қола медаль алған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың бұл нәтижесі Қазақстанның спорттағы әлеуеті мен мемлекеттің бөлген қомақты қаражатына сай келмейтінін мәлімдеген.