Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенаторлар заң білімінің сапасы туралы Үкімет сағатын өткізуге дайындық жасады

Сенаторлар заң білімінің сапасы туралы Үкімет сағатын өткізуге дайындық жасады

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаты Нұрлан Бекназаров Еуразия гуманитарлық институтында болып, болашақ заң мамандарын даярлау, сондай-ақ олардың бакалавриат пен магистратурада оқу жағдайымен танысты. Институтта «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар құрамы 461 студент болып отыр.

Сенатор оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, олармен заң кадрларының білім беру сапасының өзекті мәселелерін, соның ішінде студенттерді практикаға бағытталған даярлау мәселелерін талқылады. Заңтану саласында оқытуды жақсарту бойынша айтылған ұсыныстар Комитеттің ағымдағы жылғы қарашадағы отырысы барысында пайдаланылатын болады.

Депутаттар қазіргі кезде алдағы жылдың I тоқсанына жоспарланған Үкімет сағатына дайындық аясында заң білімінің сапасы мәселелерін зерделеуде.



Сенаттың Баспасөз қызметі