Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ Президент ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.