Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәліптер АҚШ билігінен өздерін террорлық ұйымдардың қатарынын шығаруды сұрады

Тәліптер АҚШ билігінен өздерін террорлық ұйымдардың қатарынын шығаруды сұрады

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлайды. – Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды, – деді Берік Уәли. Кеңес отырысы сағат 17:00-де «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

*****

Петропавлда қандастарға және басқа өңірлерден қоныс аударушыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында арнайы орталық ашылды. Алғашқы екі ай бойы бұл жоба пилоттық режимде жұмыс істейді. Сұраныс болып, қажеттілік артқан жағдайда қызметін жалғастырады. Орталық мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында құрылған. «Оңтүстік өңірлерден қоныс аударғысы келетіндер көп. Солардың арасынан дәрігерлерге, мұғалімдерге және ветеринарларға басымдық беріледі. Қай аудандарда қоныс аударушыларға үйлер бар, оны жаңадан ашылған орталыққа хабарласып, білуге болады. Орталық қызметкерлері сондай-ақ оңтүстік өңірлерге іссапарға шығып, тұрғындармен кездесуді жоспарлап отыр. Келесі аптада Түркістан, Қызылорда облыстарына жолға шығады.

*****

«Хабар» Агенттігі мен «Спорт, туризм және экология» қоғамдық бірлестігі «100км+» атты жүгіру челленджінің басталғанын хабарлайды. Жарысқа еліміздің барлық өңірінің тұрғындары қатыса алады. Басты талап – 1 қазаннан 30 қарашаға дейінгі аралықта 100 км-ден астам қашықтықты жүйелі түрде жүгіріп шығу. Қатысу үшін Strava қосымшасын жүктеп, JGR.KZ немесе JGRKZ.RUN сайттарында тіркеуден өту қажет. Толық ақпарат жобаның Instagram-дағы @jgr.kz ресми парақшасында жарияланған. Жүлде қоры 1,5 млн.теңгеден асады. Айтулы бастаманың қорытындысы 1 жетоқсан күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде жарияланады. Жобаның мақсаты – қазақстандықтар арасында жүгіру және спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру. Жобаға қатысуға қазірдің өзінде 1500 астам адам ниет білдірген. 

*****

Нидерландтық зерттеушілер дәріні инесіз де еге алады. Иненің орнына лазер қолданылады. Ғалымдардың айтуынша, әсіресе пандемия кезінде бұл технологияның көп пайдасы тиеді. Өйткені кейбіреулер инеден қорқып, коронавирусқа екпе салдырудан бас тартуы мүмкін. Ал лазерлік пистолеттің көмегімен екпе салса адам ауырсынбайды. Зерттеушілер технологияның басқа да артықшылықтары барын айтады. Мәселен, ине арқылы ауру жұғуы мүмкін. Сонымен қоса мұндай тәсілдің экологияға да зияны аз. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар азаяды. 

*****

Тәліптер АҚШ билігінен өздерін террорлық ұйымдардың қатарынын шығаруды сұрады. «Талибан» өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл олардың уақытша үкіметіне қысым көрсету үшін жасалып отырған шара. Және ол қозғалыстың ауған халқына қызмет етуіне кедергі. Тәліптер сондай-ақ өздерінің халықаралық міндеттерін орындағанын және өзге елдерге еш лаңкестік қауіп төніп тұрмағанын айтады. Айта кетейік, тәліптер өткен тамыз айының ортасында Ауғанстандағы билікті басып ала салысымен барлық ел ондағы елшіліктерін жапқан.