Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомының тұсаукесері өтті

Елордада «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомының тұсаукесері өтті

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық мектеп спорт лигасының ашылу салтанатына қатысты. Биыл Ұлттық лига 10 спорт түрінен өтеді. Лига шеңберінде ұйымдастырылатын жарыстар алдымен мектептерде, аудан және облыста, кейін республика деңгейінде өтеді. «Мұндай іс-шаралар балаларымызды спортпен айналысуға ынталандыру, соның ішінде қазақ халқының асық ату және тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлеріне баулуға бағытталған. Сондай-ақ, балалар волейбол, баскетбол, футбол, футзал, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс және басқа да спорт түрлерін таңдай алады. Білім министрінің айтуынша, балаларды секциялармен қамту олардың тәлімгерлеріне де байланысты. Сондықтан спорт секцияларын жүргізетін дене шынықтыру мұғалімдеріне жұмыстары үшін ай сайын қосымша ақшалай қаражат төленбек.

*****

Батыс Қазақстан облысында 33 328 адам тұмауға қарсы егілді. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, өңірде 15 қыркүйектен бері тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Оның айтуынша, бұл өткір респираторлық аурулар кезінде тұрғындардың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетінің қалыптасуы үшін жасалады. Биыл бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының 68 мың дозасы сатып алынған. «Бір ай ішінде 4 709-ы – бала, 28 619-ы – ересек егілді», деді М.Арыспаев. Жыл сайын облыста тұрғындардың 10 пайыздан астамына екпе салынады.

*****

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясын жұқтыру деректеріне қатысты жаңа мәлімет жариялады. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны 239 миллионнан асты. ДДСҰ сайтында жазылғандай, коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны тәулігіне 463 378-ге артып, жалпы саны 240 мл 135 мың 079 –ға жетті, қайтыс болғандар саны 4 млн 889 мың 370 . Инфекцияны жұқтыру бойынша бірінші орында АҚШ (44 767 906 адам), екінші орында Үндістан (34 037 592), үшінші орында Бразилия (21 612 237) тұр.

*****

Индонезия азаматтарды коронавирусқа қарсы иммундау бойынша жедел науқан жүргізуде. Үкіметтің хабарлауынша, вакцинаның алғашқы инъекциясын 104 миллион азамат алған. Вакцинацияның толық курсынан 60 млннан астам адам өтті. Ел билігінің егде жастағы адамдар мен жастарды COVID-19-дан вакциналаудағы күшейтілген жұмыстары Индонезия басшылығының назарында болмақ. 14 қазандағы мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғаннан бері елде індетке шалдығудың 4 232 099 жағдайы тіркелді, 142 848 адам қайтыс болды.

*****

Бүгін ел астанасындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомының тұсаукесері өтті. Шараға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму , ҚР Мәдениет және спорт министрліктерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдер қатысып жатыр. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп өз сөзінде «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы – бұл қазақтың 30 жыл ішіндегі бір даму белесі екенін айтты.