Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 9 айда "алаяқтық" бабы бойынша 31 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген

Елімізде 9 айда

Биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстанда "алаяқтық" бабы бойынша 31 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген. Бұлардың жартысынан астамы - интернет-алаяқтықдеп жазады елордаинфо сайты. Сондай-ақ елімізде төлем картасына қатысты 266 қылмыстық құқықбұзушылық, қарызға ақша алуға қатысты 108, несие беру саласында 31 және жер қатынастары мен жылжымайтын мүлікке қатысты 6 құқықбұзушылық тіркелген. Өңірлер бойынша ең көп қылмыстық құқықбұзушылық Алматыда тіркелген. Тізімнің алғашқы үштігінде Нұр-Сұлтан мен Шымкент те бар. “Алаяқтық” бабы бойынша ең аз құқықбұзушылық Қызылорда облысында тіркелген. көп жағдайда алаяқтыққа жұмыссыз азаматтар барған. Сондай-ақ алаяқтар арасында 121 жұмысшы, 110 мемлекеттік қызметкер, 101 жеке кәсіпкер, 9 әскери адам бар делінген ақпаратта.

*****

«Snow leopard foundation» халықаралық қоры Қазақстандағы алғашқы қар барыстарын сақтау, оңалту және өсіру орталығын құруға Ресей, Қытай мен Қырғыз елінен мамандар тартпақ. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Аталған орталық Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінде жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Қор мен Ұлттық парк арасында ғылыми қызмет туралы шартқа қол қойылған. Орталық қар барыстарын зерттеу бойынша алғашқы ғылыми зертхана құруды қолға алмақ. Зертханада ғалымдар үшін арнайы әзірленетін қосымшалары бар жеке деректер қоры болады. Бұл Қазақстандағы қар барыстарының экожүйесін есепке алу және зерттеу нәтижелерін жүйелендіруге көмектеседі. Бүгінгі күні Талғар шыңының маңайында 3 000 метр биіктікте 90-нан астам фототұзақ орнатылған. Таратылған ақпаратқа сәйкес елімізді 130-ға жуық қар барысы мекендейді.

*****

Ауылды гүлдерніру үшін - 3 бірлік керек. Бұл туралы ел астанасындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомының тұсаукесерінде туынды авторы Мұратхан Шоқан айтты.

*****

Елордада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Қостанай облысының фермерлері келушілерге жалпы салмағы 200 тоннадан астам 100 өнім түрін ұсынған. Ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылып жатыр. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысовтың айтуынша, жәрмеңке ертең де кешкі сағат 18:00-ге дейін ашық болад.

*****

АҚШ билігі 8 қарашадан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакциналанған барлық шетелдіктерге елге кіруге рұқсат береді. Бұл туралы ВВС ақпарат агенттігі хабарлады. Осылайша, Вашингтон тарихта Covid-19 эпидемиясы басталғанда енгізілген ең көлемді шектеулерді алып тастайды.