Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді

Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді

Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Дәндібаев Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңа қызметке дейін ол Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін атқарған.
*****
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы 2019 жылғы 30 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жасалған ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. «Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бесінші бабының екінші тармағына сәйкес әзірленді. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
*****
Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты. «Жалпы бүгінде жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтуді жоспарлап отырмыз. Яғни, жемқорлықтың салдарымен емес, оған жол беретін себептерін, жағдайларын жоюға бағыт аламыз. Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Егер қоғамда құқықтық мәдениет, жемқорлыққа жағымсыз індет ретінде көзқарас қалыптаспаса, онда заң қабылдау, жауапкершілікті қатаңдату сынды амалдарымыздың бәрі бекер болмақ», - деді агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесуде.
*****
Алматыда Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары мен ұйымдастырушылары күмәнді дәрілік препараттардың 60 мыңнан астам қаптамасын дайындағаны үшін сотталды. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ірі астыртын цехті ұйымдастырған қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады.
*****
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға ауа райының нашарлауына, күннің суытуына, қатты жел мен қардың түсуіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар кейбір трассалар көлік қозғалысы үшін қауіпті екенін ескертеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының 593- 652 шақырымында қарлы боран соғып, жол көрінбейді. Түркістан облысының полицейлері жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсетіп жатыр. Тәртіп сақшылары азаматтарға алыс жолдарға шықпауға кеңес береді.