↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

86 мың теңгеге дейінгі айыппұл: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

86 мың теңгеге дейінгі айыппұл: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

86 мың теңгеге дейінгі айыппұл: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады 

Астана полициясы ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жазғы дөңгелектерді қысқы үлгіге уақытылы ауыстыруға шақырды
Астана әкімдігінің мәліметінше, қыс мезгілінде жазғы дөңгелекпен көлік жүргізгендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынады.
Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес, 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында жеңіл автокөліктер мен жеңіл жүк көліктерін қысқы дөңгелексіз жүргізуге тыйым салынады. Олар көліктің барлық дөңгелегіне орнатылуы керек.
Полиция Астанада күннің суытуы мен көктайғақтың қыс басталмай тұрып жиі болатынын ескертті. Сондықтан жүргізушілер дөңгелекті желтоқсанға дейін ауыстыруы қажет.
Сондай-ақ Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеріп, арақашықтықты сақтауға, жол жағдайына қарай жылдамдықпен жүруге және күрт маневр жасамауға кеңес берді.
"Автокөлікті қысқа уақытылы дайындау жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетінін еске саламыз", - делінген хабарламада.

Фото: KAZ.NUR.KZ