Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде коллекторларды қылмыстық жауапқа тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Елімізде коллекторларды қылмыстық жауапқа тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эрмен кездесті. Тараптар Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Түркітілдес мемлекеттер ұйымы болып қайта аталуын және «Түркі әлемінің келешегі-2040» тұжырымдамалық құжатының қабылдануын құптады. Кездесу барысында парламентшілердің түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді көздейтін Түркістан декларациясының негізгі тармақтарын іске асырудағы жұмысына қарқын беру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның ТүркПА-ны одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарын мақұлдау, оған қоса Ассамблея хатшылығын нығайту, Ұйым регламентінің жұмысын жетілдіру, штаты мен бюджетін ұлғайтудың маңыздылығы айтылды.

*****

Елімізде коллекторларды қылмыстық жауапқа тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олег Смояков Үкімет отырысында осылай мәлім етті. «Президенттің тапсырмасы бойынша коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында агенттік коллекторлық агенттік қызметкерлеріне қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды ұсынып отыр. Бүгінде Бас прокуратураға ұсыныс жасалып, коллекторлар қызметін реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шаралар пысықталып жатыр», - деді төраға орынбасары.

*****

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатқан төрт интернет дүкен анықталды. Жасырын электронды сауда алаңдарының әкімшісі 23 жасар елорда тұрғыны болып шықты. Ол қаладағы Жангелдин, Желтоқсан көшелерінің қиылысында ұсталған. Тінту барысында күдіктінің үйінен 64 орама мефедрон, 28 дайын таблетка, 10 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары, басқа да айғақ заттар тәркіленген. Арнайы операция нәтижесінде күдіктінің сыбайласы да сол күні қолға түскен. Олардан барлығынан 200 дана синтетикалық улы зат алынған. Сембинов көшесіндегі үйдің ауласында есірткі жасыратын бес құпия орын анықталған. Заң бойынша күдіктілер 10 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

*****

Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары бүгін қашықтан оқитын болды. Аймақтық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде қарлы боран мен көктайғақ, жел екпіні секундына 16 метрге дейін жеткен. Естеріңізге сала кетсек, бүгін елорда мектептерінде бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыды.

*****

Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Атап айтқанда Әулиекөл–Жалдама бағыты 53 шақырымнан бастап 257 шақырымға дейін жабық. Ал 300 шақырымға созылатын Арқалық-Торғай бағытымен күн ашылғанша жүруге толық тиым салынды.

*****

Израильде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Файзер» вакцинасы салынып жатыр. Сондағы мақсат – қайта күшейген пандемияны тоқтату. Елде инфекцияның төртінші толқыны маусым айында басталып, қыркүйекте саябырсыды. Алайда, өткен екі аптада коронавирус қайта өрши бастаған. Израильдің 9,4 миллион халқының 1,2 миллионы - оқушылар мен мектеп жасындағылар. Қарашаға дейін вирус жұқтырғандардың үштен бірі – балалар болған. Ғалымдардың ойынша, жеткіншектер толық вакциналанбаса, ұжымдық иммунитет қалыптастыру қиынға соқпақ.