Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

2019 жыл – 10 басым бағыт (1-бөлім)

2019 жыл – 10 басым бағыт (1-бөлім)

2019 жыл Қазақстынның саяси өмірінде үлкен өзгерістермен басталды. Атап айтсақ, сол жылдың 19 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент ретіндегі өз өкілетттігін тоқтатып, ата заңға сәйкес ел билігін сол кездегі Сенат төрағасына тапсырды. Көп ұзамай Мемлекет басшысының міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев, отандық телеарналар арқылы үндеу жасап 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Сайлауға 7 кандидат іріктеліп, халықтың 70,76 пайыз дауысымен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Ал сол жылдың 12 маусымында, Елордадағы Тәуелсіздік сарайында жаңа президентті үлықтау рәсімі өтті.

Сондай-ақ ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, елдің болашағын бағамдап, келешегін кемелдетуге арналған 10 басым бағытты жариялады. Олар: Халықтың табысын арттыру, Сыбайлас жемқорлықты жою, Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, Тұрғын үй мәселесін шешу, Әділетті әлеуметтік саясат, Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, «Рухани жаңғыру» құндылықтары, Cыртқы саясат және Жастарға көбірек көңіл бөлу.

2019 жылы 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Ондағы басты мақсат - қиын жағдайға тап болған отбасыларға, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту еді. Нәтижесінде 3 млн теңгеден аспайтын әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдерінің 300 мың теңгеге дейінгі несиесі кешірілді.

Ия, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кемел саясаты көшілік назарын аудартпай қоймады. Арыстағы төтенше жағдай кезінде оқиға орнына өзі барып, халыққа басу айтқаны да қалың қазақтың есінде қалды. Ал 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты алғашқы жолдауын жариялады. Дәл сол жолдауда президент 2020 жылы қазақ жерінен шыққан әлемге әйгілі ойшыл, фолософ Әбу-Насыр Әл Фрарабидің 1150 жылдығы мен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтілетінін айтты. Бұл қазақтың рухани кемелдену жолында жасалған маңызды оқиғалардың бірі еді.

2019 жылдың басты саяси оқиғаларының бірі ретінде Президент жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанын да атап өтуге болады. Оның құрамына Парламент мүшелері, саясаткерлер мен қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Мұндағы мақсат, халық пен билік арасын жақындадып, еститін мемлекет қағидатын қалыптастыру еді. Рас осы бір оқиғадан кейін халықты толғандыратын мәселелер Президенттің да назарынан тыс қалмады.

Ия, 2019 жыл ел тарихы үшін осындай елеулі оқиғалармен есте қалды. Халық игілігі үшін бірқатар реформалар қабылданып, жаңа мүмкіндіктер ашылды. Саяси тұрақтылық сақталып, ел болашағын айқындайтын нақты қадамдар жасалды. Еліміздің іргесі берік, тәуелсіздігі баянды болғай!

Толығырақ хабардың аудионұсқасында.