Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түзсіз жоғалды

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түзсіз жоғалды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және «омикрон» штамының табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаулыда бірқатар шектеу бар. - Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды өткiзуге және қатысуға тыйым салу; қоғамдық орындарға, онын iшiнде қоғамдық көлікке мінгенде және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде бетперде тағу, ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде және науқаспен жақын байланыста болған кезде 14 кун iшiнде карантинде болуы керектігі айтылған.  

*****

Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам із-түзсіз жоғалды. Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған. Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда. Барлық оқиға бойынша істер қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде. 

*****

Баянауылда қысқы туристік маусым ашылды. «Мырзашоқы» тау-шаңғы кешені санитарлық талаптарды сақтай отырып, демалушыларды қабылдайды. Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімдігі мәлімдеді. Тау-шаңғы кешенінде тау шаңғысы және сноуборд жалға беріледі. Сонымен қатар, Баянауыл ауданының тұрғындары үшін «Мырзашоқы» тау-шаңғы кешеніне тасымалдайтын маршрут қарастырылған. Ол күніне екі рет, сағат 10-да және 14.30 – да жүреді. Жол ақысы – 500 теңге.

*****

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауының аймағында бәйшешек бүр жарды. Бұл ақпаратты «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы Боралдай филиалының қызметкері Бақытжан Қырықбай есімді тұрғын әлеуметтік желіге жариялады. Көпшілік бұл жаңалықты жақсылыққа балап, «Еліміз жаңа дәуірді бастағалы тұр» - деп пікір білдіруде. 

*****

Украинаны қымбатшылық қысып барады. Былтырғы жылдың есебінде өнеркәсіптік инфляция көлемі 62 процентке жетіп, 25 жыл бұрынғы рекордты жаңартқан еді. Жағдай бұлай кете берсе, тауар өндірушілер азық-түлікті, оның ішінде қант, сұйық май мен нан өнімдерінің бағасын 2 есе, тіпті 3 есеге дейін арттыруы мүмкін. Украина жылына 5 млн тоннадан артық тазартылмаған күнбағыс майын өндіреді. Осылайша мемлекет күнбағыс майын өндіруден әлемде бірінші орынға ие. Дей тұрғанмен, өткен жылы дәл осы күнбағасыстың елдегі бағасы бірнеше рет көтерілді. Оған, ең алдымен, өнеркәсіп саласындағы гиперинфляцияның артқаны себеп. Сұйық майдан өзге де тауар бағасы жақын уақытта тағы да екі есеге дейін артуы мүмкін.

*****
Американың Дир-Вэлли аймағында фристайл-могулдан әлем кубогы өтіп жатыр. Оған қатысушылардың арасында жерлестеріміз де бар. Әсіресе, Юлия Галышева өз тапсырмасын ойдағыдай орындап, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ол іріктеу кезеңінде 68,13 жинады және жалпы есепте 14-сатыға тұрақтады. Ал финалға алғашқы 16 спортшы өтеді. Тағы бір қазақстандық Аяулым Әміренова жарыс қорытындысы бойынша 28-орынға жайғасты. Ал ең үздік көрсеткіш Энтони Джакарада. Австралиялық спортшы 74,76 ұпай еншіледі. Айта кетейік, осы бәсекелер нәтижесінде олимпиада жолдамалары таратылады. Бейжіңдегі қысқы ойындар бірер аптадан кейін, яғни ақпанның 4-інде басталады.