Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Талибан жаңа армия құруға күш салып жатыр

Талибан жаңа армия құруға күш салып жатыр

Үкімет Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлығы бойынша әрекетке кірісті. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен бүгінгі таңда Үкімет қаулысымен комиссиялар саны 70-тен 25-ке дейін қысқартылды. Осындай жұмыстар министрліктерде де жүзеге асады. Құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын, сондай-ақ норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзіленіп жатыр. Сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады.

*****

Талибан жаңа армия құруға күш салып жатыр. Қазірге дейін әскер қатарына 110 мың адам шақырылған. Бұл туралы Талибан үкіметіндегі Қорғаныс министрлігінің басшысы Мохаммад Якуб мәлімдеді. Жалпы тәліптер елдің қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін 150 мың сарбаздан тұратын жаңа армия құруды жоспарлап отыр. Оған негізінен әскери тәжірибесі бар ер азаматтарды, оның ішінде бұрынғы билік кезіндегі әскерилерді де алу көзделген.

*****

Әлемде ауа райы қолайсыздығына байланысты апаттар жиілеп, олардың саны жылына 560-қа жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша 2030 жылға қарай жер бетінде орман өрті, лай көшкіні сияқты табиғи апаттар күн сайын дерлік тіркеледі. Соның салдарынан миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді. БҰҰ баяндамасында жазылған мәліметке сәйкес, бұған бірінші кезекте жаһандық жылыну түрткі болады. Ал соңғы жарты ғасырда бүкіл әлем бойынша тіркелген табиғи апаттар саны 5 есе артқан.

*****

Атыраудың ардагер спортшылары армрестлингтен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Самарқанд қаласында 24-26 сәуірде армрестлингтен жастар, ересектер және ардагерлер арасында Азия чемпионаты өтті. Сайысқа 14 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. Атыраулық ардагер спортшылар құрлық додасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алмагүл Қанатова 80 келі, Рахия Молдашева 80 келіден жоғары салмақта Азия чемпионы атанды. Ал Константин Тарабрин 70 келіде күміс жүлдеге ие болды. Еске салайық, бұған дейін атыраулық парадзюдошы Аманжол Жанбота Гран-при сайысының жеңімпазы болған.

*****

Өскеменде семсерлесуден Қазақстан чемпионатында рапира бойынша командалық жарыс аяқталды. Ерлер арасында командалық есепте Алматы командасы бірінші орын иеленді. Шығыс Қазақстан екінші, Солтүстік Қазақстаннан келген 2 команда 3-ші орыннан көрінді. Ал әйелдер арасында Шығыс Қазақстан бірінші, Алматы екінші, Солтүстік Қазақстан мен Алматы екінші командасы үшінші орынға шықты.