↑
Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада алып сәби дүниеге келді

Астанада алып сәби дүниеге келді

Астанада алып сәби дүниеге келді 

Астанада салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Ұл баланың бойы да ұзын. Ата-анасы оған Нұрәлі деп есім берген. Дәрігерлер мұндай жағдайдың өте сирек кездесетінін айтады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Сәбидің салмағы 6 жарым келі, бойы 64 сантиметр. Нұрәлі есімді алып сәби Астананың қалалық перинаталдық орталығында дүниеге келді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.
"Баламның суы нашарлау болды, жүрек соғысы да нашарлау болды. Сонымен экстренно докторлар операция жасап алды. Шүкір жақсы. +Жақсы өтті. Докторларға, осы роддомның медбикелеріне алғыс айтамын", - дейді сәбидің анасы Жұлдыз Әбдікәрімова.
Әдетте жаңа туған нәрестенің салмағы 3-4 келі шамасында болады. Ал Нұрәлі одан әлдеқайда ірі. Сондықтан дәрігерлер ана мен баланың қауіпсіздігі үшін табиғи жолмен босандырудан бас тартқан. Мамандар өзара кеңесіп, операция жасау туралы шешім қабылдаған.

Фото: pixabay.com