Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Данияр Жаналинов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Данияр Жаналинов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.                                                                                                

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімі заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған.