Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Абай атындағы сыйлыққа үміткерлер іріктелді

Абай атындағы сыйлыққа үміткерлер іріктелді

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды. « Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткіздік. Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 жұмысты қарады. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды», - деді Ерлан Қарин.

*****
Парагвай мен Боливияға жұмыс бабымен баратын Қазақстан дипломаттары 3 айға визадан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қаулы еткен құжат «Ашық» нормативтік құқықтық актілер  сайтында жарияланды. «Қазақстан Үкіметі Боливия көпұлтты мемлекетінің және Парагвай Республикасының Үкіметтерімен арадағы дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге келді. Оның ережелері де әзірленді. Бұл келісімдер 5 жыл мерзімге жасалды. Оған сәйкес, жарамды жол жүру құжаттары бар Қазақстан Республикасының дипломаттары аталған елдерге барғанда олардан 90 күн ішінде визалық талаптар сұралмайды», - деп көрсетілген қаулыда.
*****
Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы әзірлеп шығарған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы мен Арминий Вамберидің «Путешествие по Средней Азии»  кітабының таныстыру рәсімі өтті. Түркі академиясы Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігімен бірлесіп өткізген іс-шара көрнекті ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл және көрнекті мажар түркологі Арминий Вамберидің туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Жиын аясында тамырлас елдердің ынтымақтастығын арттыруға қосқан үлесі және ғылымның дамуына сіңірген еңбегі үшін бірқатар мажар ғалымдары Халықаралық Түркі академияның Алтын медалімен марапатталды.
*****
Қарағанды облысында жергілікті бюджеттен білім гранттарын алуға құжаттар қабылдау басталды. Бұл гранттарға 90 адам үміттене алады. «Жыл сайын педагогикалық және басқа да басымдыққа ие мамандықтар бойынша мақсатты даярлауға облыстық бюджеттен білім беру гранттары бөлінеді. Биыл олардың саны 90-ға жетті. Оның ішінде 30 орын – «Педагогикалық ғылымдар» және 60 орын – «Денсаулық сақтау», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін үміткер құжаттарын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына тапсырады.
*****
Тұрғын үй сату-сатып алу нарығында шілдедегі көрсеткіш бойынша жасалған мәміле саны – 30 393, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 34,3% кем.  Маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 2% кеміді. Өңірлер бойынша мәмілелер көп жасалған қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы. Жеке үйлер бойынша өсім тек Нұр-Сұлтанда (+9,2%), Ақтөбе (+11,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында (+13,8%) байқалды.