Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Премьер-министр елордадағы құрылыс нысандарын тексерді

Премьер-министр елордадағы құрылыс нысандарын тексерді

Премьер-министр Әлихан Смайылов елордадағы жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді.

Үкімет басшысы алдымен «Астана Технополис» арнаулы экономикалық аймағындағы көпбейінді зауытқа барды. Зауыт өнімдері ішкі нарыққа ғана емес, көрші елдерге де экспортталатын болады. Жоба шетелдік инвесторлар есебінен жүзеге асырылып жатыр. Әлихан Смайылов зауытты іске қосу арқылы импорттың көлемін азайтуға мүмкіндік туатынын жеткізді.  

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

Елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуге және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Біз инвесторлардың келуін әрдайым қолдаймыз. Бұл жоба – Қазақстанда тиімді жұмыс істеп, көрші аймақтардың нарықтарына шығуға болатындығының дәлелі.

Сонымен қатар Үкімет басшысы жаңадан салынып жатқан 1200 орындық мектеп құрылысын да көрді. Оқу орны халық тығыз орналасқан Есіл ауданында салынып жатыр. Білім ордасын жыл соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

Соңғы жылдары жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Олардың бәрі қазіргі таңда мектепке барып жатыр. Сондықтан мектеп құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту жоспарланып отыр. Елорданың жаңа мектептерінде жарақтандырудың жоғары стандарттары қалыптасқан. Балаларға қолайлы жағдайда оқуға мүмкіндік беру үшін елімізде салынып жатқан басқа да білім мекемелерінде осы стандарттардың болғанын қалаймыз.