Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Павлодардағы қоғамдық көлікте жыл соңына дейін сараланған тариф енгізілмекші

Павлодардағы қоғамдық көлікте жыл соңына дейін сараланған тариф енгізілмекші

Биыл Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы 4 жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жүргізуге 5,3 млрд теңге инвестиция салынған. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.  Министрдің мәліметінше, Атырау облысыда 118 кен орны орналасқан. Көмірсутекті шикізатты игеру мақсатында 78 келісімшарт жасалған. «Қазір кен орындарында өндірілетін мұнай қоры – шамамен 3,3 млрд тонна. Ал, газ қоры 200 млрд текше метрден асады. Биыл Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында орналасқан 4 жер қойнауы учаскесіне көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізілді.  Жақында аталған жер қойнауы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Бұл мақсатқа салынған инвестиция көлемі 5,3 млрд теңге», -деп мәлім етті Болат Ақшолақов.

*****
Ақмола облысында «Мектепке жол!» республикалық акциясы жүріп жатыр.  Ағымдағы жылы облыс бойынша 15 877 бала материалдық қолдауды қажет етеді, оның ішінде 1 261 бірінші сынып оқушылары. Акция басталғаннан бері облыс бойынша бірқатар іс-шара өткізілді. Облыстың аудандары мен қалаларында 225 рейд ұйымдастырылды, оған қоғам, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінен 186 адам қатысты. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 19 кәмелетке толмаған бала анықталды. Облыс бойынша 6 726 бала материалдық көмек ала алды.
*****
Павлодардағы қоғамдық көлікте жыл соңына дейін сараланған тариф енгізілмекші. Шаһардағы атқарушы билік өкілдері алдағы уақытта автобус пен трамвайдағы жол жүру құны 130 теңге болады деп отыр. Бұл – ақшаны қолма қол төлеген жағдайда қойылатын баға. Ал Avtobys жүйесін пайдаланып, арнайы картамен немесе QR-код арқылы смартфоннан төленсе, бұрынғыша 80 теңгемен жүре беруге болады деп жазады егемен кз сайты.
*****
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлемде маймыл шешегінің таралуы күшейгенін мәлімдеді. ДДҰ деректері бойынша маймыл шешегі бүгінгі таңда әлемнің 94 елінде тіркелген және 35 218 адам ауырған. Осы уақытқа дейін елімізде маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ. Осы инфекцияның әкелінген жағдайлары тіркелген Африка елдерінен және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады.
*****
Мысырда жексенбілік құлшылық кезінде шіркеуде өрт болды. Оқиға Гиза қаласындағы шіркеулердің бірінде болған.1 адам қаза тапты, 14 адам жараланған. Алғашқы болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған. қайтыс болғандардың көбі - балалар. Мысырда электр жүйесіндегі ақаудан өрт жиі болады. Дәл осындай жағдай 2020 жылы адамдар коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан ауруханада  да болған еді. Ол кезде  7 адам қайтыс болдлы.
*****
Қазақстандық таэквондошы Бауыржан Хасенов Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz. Ол 87 келі салмақ санатында қола медаль иеленді. Бұл біздің команданың Түркияда алған үшінші жүлдесі. Бұған дейін Жасурбек Клычов пен Жансель Дениз жүлдегер атанған болатын деп жазады 24 кз сайты.